Нормативтік құжаттар » Тельман Жанұзақов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Тельман Жанұзақов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
май
2017

Нормативтік құжаттар

БЕКІТЕМІН : КЕЛІСІЛДІ :
Мектеп директоры : Кәсіподақ комитетінің төрайымы :
.....................................С. Умбеталиев .............................М. Стыбеков
......... тамыз 2016 жыл ............ тамыз 2016 жыл

«Тельман Жанұзақов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің еңбек тәртібінің
ЕРЕЖЕСІ

Осы ЕРЕЖЕ мектептің ішкі тәртібін, жұмыс уақытының режимі және оның пайдалануы, мектеп әкімшілігі мен қызметкерлерінің негізгі міндеттері, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және босату, жұмыстағы жетістіктері үшін марапаттау және еңбек тәртібін бұзғандығы үшін жауапкершілігі жөніндегі шараларды анықтайды.

І. ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ

1.Қызметкерді жұмысқа қабылдау оның білімі мен біліктілік талаптарына және жұмыс өтіліне сәйкес директордың оқу-тәрбие және шаруашылық істері жөніндегі орынбасарларының жеке әңгімелесуінен кейінгі ұсыныстарының негізінде еңбек шартының жасалуымен жүзеге асырылады.
2.Әкімшіліктің қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде талап ететін құжаттарының тізбесі :
- Белгілерген заң тәртібімен рәсімделген еңбек кітапшасының түп нұсқасы ;
- Жеке басын куәландыратын құжаты ;
- Білімін , мамандығы мен біліктілігін нақтылайтын құжаттар немесе диплом ;
- Алдын-ала медициналық байқаудан өткені туралы анықтама;
- Әскери есеп құжаты ;
- Жинақтаушы зейнетақы қорының шарты, марапаттары мен арнайы курстан өткені туралы құжаттардың көшірмелері ;
3.Мектеп әкімшілігі қызметкердің іскерлік және кәсіби біліктілігін жан-жақты зерделеу мақсатында өмірбаянымен бұрынғы атқарған жұмыстары туралы мінездеме жазуын ұсынады және компьютер мен басқа да ұйымдастыру техникаларымен жұмыс істей алу біліктілігін тексереді.
Қызметкер кадр есебі жөніндегі жеке іс парағын толтырып, толық өмірбаянын жазады.
Қызметкерге біліктілігіне сәйкестігін тексеру мақсатында тәртіп бойынша 3 айға дейін сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін.
Қызметкер жұмысқа мекеме басшысының бұйрығымен қабылданады және қызметкер қабылданғаны жөнінде бұйрықпен танысып қол қояды.







Қызметкердің нақты жұмысқа кіріскен күні келісім шартта көрсетіледі.
4.Мектеп әкімшілігі жұмысқа қабылданатын және басқа жұмысқа ауыстыралатын қызметкерді :
-атқаратын жұмысының түрі және мазмұнымен , еңбекақысы және құқықтары мен лауазымдық міндеттерімен ;
-мекеменің ішкі тәртібі ережесімен және жұмыс кестесімен ;
-техника, өрт қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөнінде нұсқау береді, мекеменің мәліметтерін жарияламау және басқа біреуге бермеу жөнінде ескертеді.
5.Еңбек шарты Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көзделген тәртіппен өзгертіледі, толықтырылады және бұзылады, ол мекеме басшысының бұйрығымен рәсімделеді.
6.Жұмыстан босатылған қызметкерге өзінің атқарған қызметі жөніндегі құжаттарды, жинақ папкалары мен қызмет бабына берілген мүліктер мен құрал-жабдықтарды акті бойынша өткізгеннен кейін жұмысы туралы қолданыстағы заңға сәйкес мәліметтер жазылған еңбек кітапшасы арнайы есепке алу журналы арқылы қолына беріледі.

ІІ. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1. Қызметкердің :
-Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көзделген тәртіппен еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға :
- мекеме әкімшілігінен еңбек шартының, ішкі еңбек тәртібінің шарттарын орындауды талап етуге ;
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға ;
-еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және нақты ақпарат алуға ;
-тынығуға, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға ;
-ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге және оның мәтінімен танысуға ;
-кәсіптік және қайта даярлықтан өтуге, өзінің біліктілігін арттыруға ;
-кепілдіктерге, өтемақы төлемдеріне және атқарған еңбегі үшін ақы алуға ;
-еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау талаптарына сәйкес арнайы киіммен қамтамасыз етілуге құқығы бар.
2. Қызметкер :
- мекеменің ішкі еңбек тәртібін қатаң сақтауға, өзінің лауазымды міндеттерін тиісінше орындауға ;
- мектеп әкімшілігі мен өзінің тікелей бастығы тапсырған жұмыстарды сапалы және өз уақытында орындауға және нәтижесі туралы баяндауға ;
- жұмыс күнін үнемді және пайдалы еңбекке жұмсауға ;
- өзінің кәсіби біліктілігі мен білімін жетілдіруге, озық тәжірибесін басқаларға үйретуге ;
-жұмыс және басқа қызмет орындарында санитарлық тазалық пен тәртіпті сақтауға, компьютерді және ақпараттық - ұйымдастыру техника құралдарын ұқыпты, мақсатқа сай қызмет бабына пайдалануға ;
- мектеп әкімшілігінің рұхсатынсыз жұмыс орнын иесін қалдыруға, себепсіз жұмысқа келмеуге, басқа жаққа кетуге ;
-мектептің қызметі туралы мәліметтерді жария етпеуге және басқа біреуге бермеуге ;
-электр қуаты мен жылуды барынша үнемдеуге, қызмет бабына берілген және мекеменің құрал-жабдықтары мен мүліктерін ұқыпты, таза бабында ұстауға ;
-техника, өрт қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөнінде нұсқауларды бұлжытпай орындауға ;
-мекемеге өзінің тікелей кінәсінен келтірген зияны мен шығындарды өз есебінен өтеуге міндетті.


ІІІ. МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1. Мектеп әкімшілігінің :
-өз өкілеттілігі шегінде қызметкерлерге қатысты тиісті бұйрықтар шығаруға ;
-өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында ұйымдар құруға ;
-қызметкерлерден еңбек және ұжымдық шарттардың, ішкі еңбек тәртібі ережесі талаптарының, мекеме басшысы бұйрықтарының орындалуын талап етуге ;
-қызметкерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жаза қолдануға, материалдық жауапкершілікке тартуға;
-жұмыс барысында қызметкердің кінәсінен мекемеге келтірген зиянын өтетуге ;
-қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге құқығы бар.
2. Мектеп әкімшілігі :
-Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің талаптарын сақтауға ;
-қызметкерлердің денсаулығын сақтауға, әлеуметтік қорғау шараларын жасауға, мәдени демалыстарын ұйымдастыруға;

-еңбекақыларын ай сайын өз мерзімінде толық мөлшерде төлеуге, жыл сайын берілетін еңбек демалыстарын кестеге сәйкес беруге ;
-қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен білімдерін жетілдірулеріне жағдай жасауға ;
-еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға ;
-қызметкерлерді мектеп директорының бұйрықтарымен және ұжымдық шартпен таныстыруға ;
-қызметкерлерді тиісті құрал-жабдықтармен, арнайы киімдермен қамтамасыз етуге ;
-жұмысқа қабылдау кезінде еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге міндетті.
Мектеп әкімшілігі қызметкерлердің құқықтарын сақтау мен өзінің міндеттерін орындауды қамтамасыз ете отырып, ұжымның жұмысқа қабілетін арттыруға және бірлігі мен ынтымағын сақтауға қолда бар мүмкіндіктерін жұмсайды.

ІУ . ЖҰМЫС ЖӘНЕ ДЕМАЛУ УАҚЫТЫ

1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес мектеп қызметкерлерінің мына төмендегідей жұмыс тәртібі белгіленеді :
- Мектеп өзінің қызметін 6 күндік жұмыс аптасымен жүзеге асырады. Демалыс күні – жексенбі /6 күн – 7 сағаттан аптасына 40 сағат/
- мектеп әкімшілігінің және мұғалім кезекшілер, пән мұғалімдері мен медбике үшін күнделікті жұмыс уақыты таңертеңгі сағат 8.00-ден басталып, сабақ аяқталғанша, мектеп әкімшілігі мен басқа қызметкерлері үшін таңертеңгі сағат 9.00-де басталып, кешкі сағат 18.00-де аяқталады.
-түскі үзіліс сағат 12.30-ден 14.00-ге дейін;
-сабақ 2 ауысымда өтеді.
-І-нші ауысым сағат 8.00-де басталады.
-ІІ-нші ауысым сағат 14.00-де басталады.
-қыс кезінде әкімшіліктің келісімімен 13.30-ға ауыстырылуы мүмкін.
-мектеп жұмысшыларының жұмыс істеу уақыты жеке кесте бойынша жүзеге асырылады.
-толық апталық жүктемемен жұмыс істейтін мұғалімдер үшін жұмыс уақыты сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін, 1 шығармашылық күнімен;

-толық емес апталық жүктемемен жұмыс істейтін мұғалімдер үшін жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, 1 шығармашылық күнімен белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі мен «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы» Заңына сәйкес мына төмендегі мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып есептеледі :
Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке -
1-2 –қаңтар –Жаңа жыл;
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
21-23 наурыз – Наурыз мейрамы;
1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр-Отан қорғаушылар күні;
9 мамыр – Жеңіс күні;
6 шілде- Астана күні;
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
Мектеп мұғалімдері мен қызметкерлеріне жыл сайынғы еңбек демалысы оқу-тәрбие үрдісінің уақыты мен жеке өтініштері ескеріле от ырып, мұғалімдерге 56, қызметкерлерге 30, жұмысшыларға 24 күнтізбелік күнге мектеп әкімшілігінің бекітілген кестесіне сәйкес беріледі.

У. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАУ ШАРАЛАРЫ

1. Жас жеткіншіктерге сапалы білім, саналы тәрбие беруде ұзақ және үздіксіз абыройлы еңбек етіп, лауазымдық міндеттерін жоғары кәсіби дәрежеде атқарғаны, сонымен қатар қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шараларға белсене араласқаны үшін мектеп директорының алғыс хатымен марапатталып, жоғарғы органдар мен қоғамдық бірлестіктердің марапаттарына ұсынылады.
2. Мадақтамалар мекеме басшысының бұйрығымен рәсімделіп, ұжымға хабарланады және еңбек кітапшаларына жазылады.

УІ. ЕҢБЕК ТӘРТІБІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

1. Мектеп директоры еңбек тәртібін бірнеше рет бұзып, теріс қылық жасаған және бір жұмыс күні / жұмыс ауысымы/ ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған, жұмыста алкогольдік, масаңдық жағдайда болған, оның ішінде жұмыс орнында алкогольдік ішімдіктер пайдаланып, өрт және техника қауіпсіздігі ережелерін бұзған, тәрбиелік жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, адамгершілікке жат қылықтар жасаған, мекеменің құнды мәліметтерін жария еткен және лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамаған қызметкерге ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс және Еңбек Кодексінде белгіленген жағдайларға сәйкес еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жазаларды қолданады.
2. Жұмыс беруші тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жасалған тәртіптік теріс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, мән-жайларын, қызметкердің оның алдындағы және одан кейінгі тәртібін, еңбекке деген көзқарасын ескере отырып, өзінің актісімен рәсімдейді.



3. Мекеме басшысы тәртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы тәртіптік жаза қолдануға кедергі жасай алмайды. Қызметкер аталған түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.
4. Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылады.
5. Мекеме басшысының қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі еңбекке уақытша қабілетсіздігі, демалыста, іссапарда болған кезеңде шығарылмайды.
6. Тәртіптік жаза қолдану туралы директордың бұйрығы шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Қызметкер жұмыс берушіңі актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда,тәртіптік жаза қолдану туралы актіге ол туралы тиісті жазба жасалады.
7. Тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі ол қолданылған күннен бастап алды айдан аспауға тиіс. Егер осы мерзім ішінде қызметкер жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.
8. Қызметкерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші өзінің бастамасымен, қызметкердің немесе оның тікелей басшысының өтінуімен, қызметкерлер өкілінің өтініші бойынша тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы.
Барлық мектеп қызметкерлері осы ішкі еңбек тәртібінің Ережесімен бекітілген талаптарды өздерінің күнделікті жұмысында сақтап, бұлжытпай орындау үшін міндетті түрде таныстырылуы тиіс.